
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында еліміздің рухани байлығын жастар санасына сіңіру, мәдени мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастыру мақсаты көзделген. Ал, білімді ұрпақ нағыз елінің болашағын жасайтын жасампаз жастарымыз, сондықтан да аудандық кітапханада «Нұр Отан» бастауыш партиясының ұйымдастыруымен «Кел, жастар, оқылық!» атты дөңгелек үстел кеші өтті.
Кештің мақсаты жастардың қазіргі уақытта кітапқа даген қызығушылығын жаңа деңгейге көтеретін жана ойлар ұсыну, кітаптың мәңгілік рухани байлықтың көзі екенін дәлелдеу.
Кеш барысында қатысушылар қазіргі жоғары технологияның дамыған дәуірінде кітапқа деген қызығушылық қандай деңгейде деген сұрақтың төңірегінде ой өрбітті. Кітап қашанда рухани байлық және кітаппен дос болған адамның ой-өрісі бөлек, тілге шешен келетіні қандай жағдайда да өзін салмақты ұстап,қиыннан жол таба білетін бәсекеге қабілетті болатыны айтылды.Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында жақсы кітапты қызықты етіп жарнамалау керек деген тұжырымға келді.