
Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мəдениет үйінде аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен тəуелсіздік мерекесіне арналған "Тəуелсіздік құндылығы -өткенге тарих,бүгінге бағдар,болашаққа қадам" атты көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты:халқымыз ғасырлар бойы аңсап қол жеткізген тəуелсіздіктің тағылымын жас ұрпаққа насихаттау арқылы,оны баянды етіп,байырғы түрік бабаларымыз армандаған "мəңгілік ел орнату" идеясымен ұштастыру жолындағы елдік,мемлекеттік, отаншылдық сезімді көрсету,Тəуелсіз мемлекет пен сол мемлекетті құраушы қазақ ұлтының тарихын таразылау.