Версия для печати

Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері

                               26238761 173926776698134 2651960459208909650 n     26814732 173926820031463 7663551044107962690 n

Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері

      16 ақпан күні аудандық кітапханада «Мәдени мұра» БПҰ-ның қызметкерлерімен аудандық аграрлық – индустриалды колледж студенттері арасында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан ақпараттық сағат өткізілді. Қазақстан – экономикалық даму жолында. 
Қазіргі таңда елімізде «Қазақстан 2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам – ұлт жоспары» реформасы, «Үшінші жаңғыру» аясында рухани жаңғыру бағытымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. 
ХХІ ғасыр – заманауи технологиялар дәуірі. Жаһандық үдерістен қалмай 30 елдің қатарына ену үшін Жолдауда жаңа мүмкіндіктер жарияланып 10 міндет беріліп отыр. 
Бұл 10 бағыт төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. 
Жетінші меже бойынша адами капиталды қалыптастыру – ең негізгі міндетіміз. Адами капитал арқылы жаңа білім мен кәсіпті игеріп, санада да, қоғамда да айтулы өзгерістер жасауға болады. 
Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы маңызды тарихи құжат. Ол біздің болашағымыз, мемлекетіміздің жарқын болашағы.