Версия для печати

Дамудың басты жолы

SAM 3091    SAM 3098

     Аудандық кітапханада «Мәдени мұра» БПҰ қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары арасында «Дамудың басты жолы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Рухани жаңғыру ұлттық рухтың жаңғыруы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Іс- шараның мақсаты: Елбасының мақаласы аясында көрсетілген замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты  жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу, еліміздің ұлттық-рухани байлығын жаңғырту, дін және тіл мәдениетін көтеру, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Дөңгелек үстелді кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева ашып «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті және сөз алған «Мәдени мұра» БПҰ- ның хатшысы Ұ.Нұрымбетова дамудың басты жолы жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын және бірлігі мен тірлігі, достығы ұйыған отбасылар туралы жан-жақты насихаттай отырып, болашақ жастарға патриоттық тәлім - тәрбие беру үшін осындай іс- шаралардың маңыздылығын атап өтті.