
Аудандық Қонысбек Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде ауданымыздың білімі мен мәдениетінің дамуына қомақты өз үлесін қосқан қоғам қайраткері, ұстаз Тоқшылық Ағыбаевты еске алу мақсатында кеш өтті. Туған жердің ерекше ақжарқын азаматы Тоқшылық Ағыбаевтың өмірі мен қызметі жас ұрпаққа үлгі, өнеге. Осы орайда аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тағылымы терең тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: Жалағаш ауданының өсіп, өркендеуіне, білімі мен мәдениетін дамытуға, жастардың тәрбиесіне өз ақылы мен, тәжірибесін қосқан қоғам қайраткері, ұстаз Тоқшылық Ағыбаевтың еске алып, үлгілі өмірі мен ісін өскелең ұрпаққа өсиет ету.