
Сыршыл поэзия шебері
Аудандық кітапханада 20 қыркүйек күні Алаштың арысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған оқушылар арасында «Мағжан оқулары» өтті.Осыған орай «Сыршыл поэзия шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.«Мағжан оқуларының» мақсаты: Арыс азаматы, ақын Мағжанның өмірі мен шаығармашылығын жастарға насихаттау, олардың ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот ретінде тәрбиеленуіне ықпал ету.«Мағжан оқуларына» аудан орталығындағы бес мектептен үш оқушыдан қатысты.
Әділ-қазы алқасының шешімімен бірінші жүлделі орынды -№201 мектеп –лицейдің оқушылары, екінші жүлделі орындаы– Т.Жүргенов ат. №123 мектеп-лицейдің оқушылары, үшінші жүлделі орынды –Ш.Ермағамбетова ат. №246 орта мектептің оқушылары жеңіп алды.Басқа қатысушы оқушылар алғысхаттармен марапатталды.Барлық мектептің оқушыларына Мағжан поэзиясын жақсы біліп, оны жаттап жүргендеріне алғыс айтамыз. Оқушыларды «Мағжан оқуларына»дайындаған, жанкүйер болған ұстаздарына алғысымыз шексіз.