Версия для печати

Аудандық жас ақындар мүшәйрасы

bolashakka bagdar ruhani zhangyr1

«Рухани жаңғыру» жалпы республикалық жастар акциясы аясында  Жалағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен «Мәдениет және өнерді дамыту орталығында» аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Іс-шараның мақсаты:

Елбасының «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көрсетілген замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білуді насихаттау, еліміздің ұлттық-рухани байлығын жаңғырту, тіл мәдениетін, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, жастар арасынан дарынды, талапты жасөспірімдердің шығармашылығын көтеру.

bolashakka bagdar ruhani zhangyr2