
Аудандық кітапханада "Ескерткіштер елге мұра, ұрпаққа аманат" атты 18 сәуір-Ескерткіштерді қорғау күніне орай көрме ұйымдастырылды. Дүниеде өзгермейтін ештене жоқ.Заман да ,заң да,адамдар да өзгереді екен. Бірақ əлемде қанша өзгеріс болса да,оның сонау уақыт таңбасын бойына сіңіріп, халқымен бірге жасай беретін өмірдің бір саласы бар.Ол-атадан балаға үзілмей жалғасын тауып келе жатқан,өткен дəуірде өмір сүрген ата-бабаларымыз туралы сыр шертетін тарихи-мəдени мұралар. Халқымыздың мəдени-рухани құндылықтарының бірі,тарихи-мəдени мұралар барлық уақытта,ұлттық сананы жаңғыртып,халықтың дəстүрі мен асыл қазынасын дамытып,адам бойына рухани ізгілік нұрын себудің қуатты құралы болып келеді.Осындай тарихи маңызы бар игі шаралар мен көрмелер алда да өз жалғасын табары сөзсіз. Жалпы ұлттық дəстүрімізді жаңартып,ұлттық санамызды оятып,елеусіз қалуға айналған ата-баба рухын қастерлеп,халық арасында насихаттап кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында баршамыз болып күш жігерімізді жұмылдыруымыз қажет.