
Таң ауылдық модельдік кітапханасында "Бір ел- бір кітап "акция аясында Сырдың перзенті,ақын драматург,әдебиет зертеушісі Ә.Тәжібаевтің шығармашылығынан "Тыңда менің сөзімді, тыңда халқым" атты аудандық байқау болып өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: Ә.Тәжібаев туралы жас жеткіншіктерге мағлұмат беру, ұлтжанды болуға, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Байқаудың шарты:
1.Ә.Тәжібаевтың прозалық шығармаларынан мәнерлеп оқу.
2.Ә.Тәжібаевтың поэзиялық шығармаларын мәнерлеп оқу.
Байқауды ауыл әкімі Ә. Байнахатов ашып беріп, №118 орта мектеп оқушылары Ә.Тәжібаевтің "Көтерілген күмбез" атты драмасынан көрініс қойды. Байқау соңында жеңімпаздар қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.