

Кітап - тарих, шежіре! Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы! Кітап – рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры. «Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес» - деген еді Серке Қожамқұлов. Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай кітапхананың Коворкинг орталығында «Кітап – рухани жаңғырудың құралы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, жастардың білімін рухани байыту.