Жалғасын тауып Аққұм ауылдық кітапхана жанынан «COWORKING» орталығының ашылу рәсімі өтті. «Балауса» би тобының «Мереке» қазақ биімен бастау алған «COWORKING» орталығының ашылу салтанатын Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Дүйсенбиева Бибіасия Аманжолқызы және «Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Меңдібаева Ұлмекен Әбілтайқызы ашып, ауыл халқын құттықтады. Сөз кезегін ауыл әкімі Асанбеков Алтынбек Өмірбекұлы сөйлеп, ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануына жақсы мүмкіндік екенін жеткіәзсе, ауыл ақсақалы Райымбеков Қойшыбай «COWORKING» орталықтың лентасын қиып ақ батасын берді.
Шара барысында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ә.Тәжібаевтың шығармаларынан «Жұлдыз шашқан жырлар» атты мәнерлеп оқу өткізілді. Облыстық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы Қосым Нұрлы Серік Сейтманның «Рухани жаңғыру» көркемсөзімен шашу шашты.
