Версия для печати

Айбарлы, асқар елді асқақтатар-Ата заң

     

       69484298 516474739110001 2661895097972424704 o  69995900 516474502443358 3205718144685441024 n

Аудандық кітапханада 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Айбарлы, асқар елді асқақтатар-Ата заң» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Тәуелсіздік тірегі -Ата Заң » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: жастарға ҚР Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы жастардың білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. . Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.