Версия для печати

Көше кітапханасы

Еуропа елдерінде бірнеше жыл бойы көше кітапханалары жұмыс істеп келеді. Ол жерден кез-келген азамат ұнатқан кітабын алып кете алады. Ол үшін оқырман билеті керек емес. Жалағаш ауданында қолға алынып, «Көше кітапханасы» ашылған болатын. Осы жобаға ұқсас кітап сүйер қауымға тосын сый жасап 6 ауылдық округінде Бұқарбай, Еңбек, Есет батыр, Жаңадария, Таң, Жүргенов ауыл тұрғындарына «Көше кітапханасы» ашылды.

Бұл көше кітапханасының ерекшелігі – кез келген тұрғын өзіне ұнаған кітапты оқуға ала алады және кейін қайтарып немесе орнына басқа кітаппен ауыстырып оқуына болады. Бұл бастама тұрғындар арасында кең қолдау табатынына сеніміміз мол. Бастысы, бұл жерде ешқандай құжат талап етілмейді, оқырман билеті қажет емес.

koshe kitapkhanasy1