Версия для печати

Татулық - достықтың киелі бесігі

Аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында аудандық ішкі істер бөлімі мен кітапхананың ұйымдастыруымен 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні және 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Татулық - достықтың киелі бесігі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел қонақтары ардагер ұстаз, өзге ұлт өкілі Иванченко Галина Николаевна, Жалағаш ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция лейтенанты Сәкен Мұхиддин, Жалағаш ауданы полиция бөлімінің кадр саясаты тобының инспекторы Салтанат Калменова, «Жалағаш жаршысы» газетінің бөлім меңгерушісі Н.Қазбеков өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар №123 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары келген қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстелді кітапхана әдіскері Раушан Қалиева жүргізіп отырды. Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

tatulyk dostyktyn kieli besigi1