
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойына орай, "Туған жерді жырға қосам көсіліп" атты жас ақындар арасында аудандық жыр мүшәйра өтті.
Мақсаты: Туған жерге, туған елге, туған тілге деген сезімін, құрметін жырлары арқылы жеткізу. Әділ қазылар алқасының қорытындысымен Бас жүлдені № 201 мектеп-лицейдің оқушысы Өмірзақ Дидар, 1 орынды №31 мектеп гимназиясының оқушысы Айтпай Дамир, 2 орынды Жалағаш аудандық индустриялды-аграрлық колледжінің студенті Балтабай Ұлмекен және №123 мектеп-лицейдің оқушысы Сансызбай Гауһар, 3 орынды № 201 мектеп-лицейдің оқушысы Оңғар Нұртөре және №123 мектеп-лицейдің оқушысы Смағұл Димаш жеңіп алса, белсене қатысқан жас ақындар алғыс хаттармен марапатталды. Жүлделі орын алған қатысушылардың өлеңдері жас талапкер ақын Райымқұлова Мөлдірдің "Ақбаян" кітабына енгізілетін болады.
