Версия для печати

Тыңда менің сөзімді, тыңда халқым

Таң ауылдық модельдік кітапханасында "Бір ел- бір кітап" акция аясында Сырдың перзенті, ақын драматург, әдебиет зертеушісі Ә.Тәжібаевтың шығармашылығынан "Тыңда менің сөзімді, тыңда халқым" атты тақырыпта ауыл кітапханашыларының оқырман арасында байқау болып өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: Ә.Тәжібаев туралы жас жеткіншіктерге мағлұмат беру, ұлтжанды болуға, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Байқаудыңшарты:

1.Ә.Тәжібаевтың прозалық шығармаларынан мәнерлеп оқу.
2.Ә.Тәжібаевтың поэзиялық шығармаларын мәнерлеп оқу.

Байқауды ауыл әкімі Ә. Байнахатов ашып беріп, #118 орта мектеп оқушылары Ә.Тәжібаевтың "Көтерілген күмбез" атты драмасынан көрініс қойды.Байқау соңында жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен сәйкес дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтар табыс етілді.

 tynda meni sozimdi tynda khalkym1