Жерлесіміз ақын - журналист ағамыз Зордан Салықбайұлының туғанына 70 жыл толуына орай, ақынның шығармашылық еңбектері мен жүріп өткен жолын ұлықтауға араналған еске алу кеші және ақын атындағы «Күй керуен» атты жас күйшілер байқауы болып, «Жазылып қалған жан сырым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Айбосынов Шыңғыс, Сыр елінде туып, өмірден ерте кеткен сыршыл ақын, талантты прозашы, танымал журналист Зордан Салықбаев жайында жақсы естеліктер айтып, жастарға мағыналы да, мазмұнды әңгімелерімен бөлісіп, кешті ашып берді. Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Әлиев Садық, «Жігітті орта өсіреді» демекші Зорданды ақын еткен де сол өз ортасы болатын. Бойындағы ақындық ұщқын жел беріп талантын ширатқан.
Кешке мектеп оқушылары өз өнерлерімен сайысқа түсті.
Мейірманова Дина ақынның жары: Екеуміз шаңырақ құрған күннен бастап,отбасының бірлігін сақтау,татулықтың берік болуына тікелей басшылық жасады. Үлкен кісілердің ойынан шығу,оларға деген ілтипат туралы үнемі ескертіп отырды.Сөз соңында ұйымдастырушыларға отбасы атынан алғысын білдірді.
Кәсіпорын директоры Құлболдиев Мұхтар мен кітапхана директоры Меңдібаева Ұлмекен ақынның жарына шапан жауып, құрмет көрсетті.


