Версия для печати

Әлем таныған тұлға

Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Әлем таныған тұлға» атты пікір-алмасу кеші өткізілді.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, қалын елді, ұлтты Абайша сүюге шақыру. Пікір сайысқа аудан орталығындағы мектептерден жоғары сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысып, 3 топқа бөлініп ақын туралы пікірлерін ортаға салды. Абай мұрасын насихаттауға үлесін қосқандары үшін қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

alem tanygan tulga1