
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында, ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендеуіне және жастардың ұлттық дүниетанымын дамыту мақсатында "Ұлы даланың жеті қыры- уақыт пен кеңістіктің көкжиегі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға: Аудандық музейдің ғылыми қызметкері М. Шөмекей, №31 мектеп - лицейнің мұғалімі Г. Әбіласанова, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 2курс студенті Б. Қорғанбек және колледж студенттері қатысып өз ойларымен бөлісті.