Версия для печати

Невада - Семей

155247937 918726972218107 1425044282586635374 n

     Аудандық кітапханада «Невада - Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 32 жыл толуына орай өкілдерімен кездесу кеші өткізілді. Алғы сөзді аудандық «Невада - Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұматай Қорғанбаев сөйлеп,қоршаған ортаны таза ұстауға, туған елдің табиғатының адамдардың әсерінен бұзылуына жол бермеуге атсалысуға шақырды. Сонымен қатар Әл – Фараби атындағы №201 мектеп – лицейінің кітапханашысы А.Искакова, жоғары сынып оқушылары, аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығының қызметкері О.Син әннен шашу шашты. Кездесу кешін кітапхана директоры Ұ.Меңдібаева қорытындылап, қатысушыларға кітаптан сый-сияпат жасады. Мақсаты: «Невада --Семей» азаматтық қозғалысы жайында, құрылу мақсаты, жетекшілері туралы мәлімет беріп, түсіндіру.Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын ,мазмұнын толық айту қабілеттерін дамыту.