Версия для печати

Ойы терең, қаламы ұшқыр

Малик билборд

 Ақын, жерлесіміз Мәлік Аяповтың 70 жылдық мерейтойына байланысты «Ойы терең, қаламы ұшқыр» атты еске алу кеші болып өтті.

Ақынның өлеңі де, өресі де ешкімнен кем түспейтін, қайта биіктен көрініп, ойлы сөз, отты жырымен ел есінде мәңгі сақталады.

Кешті аудандық мәслихат хатшысы Кенжеғара Сүлейменов ашып,жаны таза,табиғаты әдемілік пен әсемдікке құмар,өмірге құштар ақын Мәлік Аяпов жайында көптеген естеліктер айтып өтті.
Кешке ақынның жары Жақсыгүл апай, ҚР Мәдениет қайраткері Тынымбай Мәдиев, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Жалағаш жаршысы» газетінің редакторы Ғазиза Әбілда,ақын Темірше Сарыбаевтың жары Ақсұлу және аудан ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты. Ақынның немересі Мәлік Оралхан «Атама» атты арнау өлеңін көпшілікке ұсынды. Ақынның жары жанұясы атынан ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақынға арналған «Өмірі өлеңмен өрілген жан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Malik1

 

Malik2

 

Malik3