
Аудандық кітапханада ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты, ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ету, Тәуелсіз еліміздің тарихын жеткен жетістіктермен қатар қарқынды дамуын насихаттау мақсатында "Бірлік пен ынтымақ, татулық пен тұтастық -Тәуелсіздік тірегі" тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесі қазақ елінің дербес, тәуелсіз ел болу жолында еркіндік пен бақытты өмір сүру үшін жүргізген толассыз, тынымсыз күрестерінің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін әдебиеттермен толықтырылды.