
16-Желтоқсан - еліміздің егемендігін жарияланған күн. Сол күні көгімізде тәуелсіздік туы желбіреді. Ата-бабаларымыз армандаған Тәуелсіздік — біздің құндылығымыз. Оның маңызын сараптап, қадірлей білу біздің ұлттық парызымыз. Осы мақсатта аудандық кітапхананың COWORKING орталығында "Тәуелсіздік-мәңгі мұратымыз" атты тақырыптық кеші болып өтті. Кешке кент орталығындағы мектеп оқушылары өз арнауларын оқып, әннен шашу шашты.