
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы Зейнеп Ахметованың "Күретамыр" кітабынан "Салт- дәстүр - ұрпаққа аманат" тақырыбындағы онлайн шолуды назарларыңызға ұсынамыз.
Ақ жаулықты Зейнеп Ахметова апамыздың кітабы әсіресе қыз келіншектер мен әйел- аналарымыз үшін бала тәрбиесінде, отбасы құндылығына дәнекер болатын туынды.Салт -дәстүр, әдет- ғұрып, ырым - тыйымдарының мағынасы жас ұрпаққа кеңінен түсіндіріледі.Осы арқылы бұрынғы жақсы мен бүгінгі жаңаны үштастырып, үлттық болмыстан айнымай, қазақы тәлім - тәрбиенің мәнін ұғындырады.Кітапта құрсақ шашудан бастап, баланың алғашқы мүшеліне дейінгі аралықта салт - дәстүр, жөн - жоралғылар барынша қамтылған.