
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,
Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра.
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана!
Қадыр Мырза-Әли.
Домбыра - ұлттың рухы, асыл мұрасы, қымбат қазынасы. Елбасының шілденің алғашқы жексенбісін - Ұлттық домбыра күні деп белгілеуі мәдени мұрамызды жаңғырту. Ұрпақ санасына сіңіру. Осы мақсатта балалар кітапханасында "Күмбірле, күй домбыра" музыкалық калейдоскобы өткізілді. Шара барысында домбыраның құрылымы, тарихы, түрлі аңыздар туралы айтылды. Кітапхана оқырмандары Аңсаған Ділдәбекқызы Сыр сүлейлерінің термесін, Раушан бек Бақдәулет Құрманғазының күйлерін орындады.