Версия для печати

Оқырман отбасы

 

aa1  aa2  aa3

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай және балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу белсенділігін арттыру, отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау аясында, балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқырман отбасы» тақырыбымен отбасылық сайыс өткізілді.

Шараға кітапхананың белсенді оқырман отбасыларының мәдени оқу дағдысы қалыптасқан, отбасылық оқу тәжірибесі бар, балаларға арналған көркем әдебиеттерді жетік біліп, насихаттай алатын 4 оқырман отбасы қатысты.

Сайыс «Тегін білу тектілік», «Өнерлі өрге жүзер», «Ептілік пен шымырлық», «Білгенім бір тоғыз»,және «Бала арманы» кезеңдері бойынша өткізілді. Жалағаш аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Г.Әлиасқарова қатысушыларды әр түрлі номинация бойынша дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапаттады: «Мерейлі отбасы» - Бақбергеновтер отбасы, «Дарынды отбасы» - Ерғалиевтер отбасы, «Ұлағатты отбасы» -Жүгінісовтер және «Өнерлі отбасы» - Бекберген отбасы.

Барлық отбасы сайысқа белсене қатысып, дайындықтары жоғары деңгейде екенін көрсете білді.