Версия для печати

Абай жаққан шамшырақ

aab7

      Құрметті әдебиет сүйер қауым! 10 тамыз- қазақтың ұлы ойшыл ақыны, дана да дара ақын, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай күніне арналған "Абай жаққан шамшырақ" атты онлайн ақпарат сағатын назарларыңызға ұсынамыз.

Өмірдің алды - ыстық, арты - суық,

Алды ойын,арт жағы мұңға жуық

Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.

Жаманға "жар" деген - ақ ән көрінер,

Жақсы ән біле айтуға кім ерінер?

Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп,

Жабырқаған көңілің көтерілер.