Версия для печати

Ана тілім-туған жерім, Отаным!

ana-tilim-otanym

 

18-23 қыркүйек аралығында аудандық кітапханада Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай «Елімнің мәртебесі - мемлекеттік тіл» атты апталығы өтті. Апталық барысында «Мемлекеттік тіл-бірлік пен татулық кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мектеп оқушыларының қатысуымен «Ана тілім-туған жерім,Отаным» атты өнер сайысы өтті. Мақсаты: ана тілінің көркемдігін, сөз құдіретінің әсемдігін сезіну, тілдің адам өмірінде алатын орнын ұғыну, тіл тазалығын сақтауға шешендік сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру. Сайыс таныстыру, дода, мақал-мәтелдер жарысы, тілге байланысты өлеңді мәнерлеп оқу өнер кезеңдерінен тұрды. Сайысқа №123 орта мектептен «Біз жас тілшілер» тобы, №202 орта мектептен «Тіл тұғыры» тобы, №201 мектеп-лицейден «Білгіштер» тобы, №31 орта мектептен «Қыран» тобы, №246 орта мектептен «Біз жастар» тобы оқушылары қатысты.

Тілдің жаңашырлары ретінде сайысқа қатысушылар өз шеберлік пен шапшандықтарын көрсете білді. Сайыс қорытындысы айтылып, жеңімпаз оқушылар марапатталды.