Версия для печати

Кітап оқитын бала оқитын қоғам құрады

aab19   aab20   aab21  

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітап оқитын бала оқитын қоғам құрады" тақырыбымен аудандық семинар-тренинг өткізілді.

Семинар мақсаты: балалардың кітап оқу деңгейін жоғарылату, кітапханашылардың біліктілігін арттыру, заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана шарасына пайдалану. Кітапханашылардың өзара тәжірибе алмаса отырып, кітапхананың стратегиясын анықтау.

Семинар BOOK CAFE түрінде өткізілді.

1. "Keyword Hexagon" тәсілі арқылы кітап оқу"

Г.Әлиасқарова

2. "Заманауи әдістің бірі - "Book Bingo"

Ж.Искакова

3. "Көлеңкелі мәтіндер"

М.Шонықбаева

Осы тақырыптар бойынша шаралар таныстырылды.

Сергіту тренингтеріне "Мюнстерберг" әдістемесі, "Тәтті сұрақ", "Өрмекшінің торы" әдістері қолданылды.

Қазақ балалар әдебиетінің көтерер жүгінің ауыр салмағын көтерген "2021-Балалар әдебиетінің жылы" ойлаған мақсат- мүддемізге жеткізіп, сәтті өтсін деген тілекпен қорытындылады.