
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі" атты Жолдауында еліміздің жарқын болашағының маңызды бағыттарын атап көрсетті. Жолдаудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын көтеруде барлық салаларды қамтиды. Соның ішінде еліміздің тұтастығын қорғау,азық-түлік бағасын бақылау,ең төменгі жалақыны көтеру,қазақ тілінің мәртебесін көтеру,сонымен қатар ең маңыздысы ел Тәуелсіздігін сезініп,қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтау.Әр жолдау еліміздің әр саласына жаңа серпінмен талпыныс беретіні анық.Олай болса еліміздің жарқын болашағымен кемел келешегі үшін жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау әр азаматтың борышы.