Версия для печати

Мәңгілік ел-мәңгілік тіл

aab27   aab28    aab29

 

«Туған елім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе, тілім, мен де бірге өшемін!»-деп, ақын Әбілда Тәжібаев жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Осы орайда, аудандық кітапханада 5 қыркүйек-қазақ тілінің тұңғыш реформатыры, Алаш арысы Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен сәйкес келіп отырған Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» аудандық жыр мүшәйра ұйымдастырылды. Мүшәйраға аудандағы жаны жырға құмар оқырмандарымыз қатысып, өз бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі I орынды Т. Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Манасұлы Уәлихан, ll орынды З. Жарқынбаев атындағы №202 мектептің 9 сынып оқушысы Кәрім Сәния, lll орынды Мырзабай ауылынан Жаңбырбай Дінмұхаммед иеленсе,қалған қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.