Версия для печати

Тәуелсіздігім теңдігім, егемендік елдігім

aab33   aab34  aab35  

«Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр»

                                                                                        Н. Назарбаев

    Аудандық кітапханада жас ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және жасампаз ұрпақ тәрбиелеу мақсатында « Тәуелсіздігім теңдігім, егемендік елдігім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бүгінде біздердің, жас ұрпақтың ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қолы жетті. Тәуелсіздіктің арқасында іргеміз бүтінделіп, еңсеміз көтерілді. Қазақстан өркениетті мемлекеттер қатарына қосылып, Ұлы дала төсінде ынтымақ пен береке орнады деген пікірлермен қатысушылар ой бөлісті.