Ы. Алтынсарин-180жыл
Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы өскелен ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында аудандық кітапханада «Білім атасы-Ыбырай» атты әдеби-танымдық сағаты ұйымдастырылды. Ы. Алтынсариннің «шапқан-озар,жатқан-қалар» дегеніндей, ұлы ағартушының мұраларын зерделеп, өзектіліктерін пайдаға асыру, ұлы тарихи тұлғаны есте сақтау, құрмет тұту жастардың борышы болмақ.