Версия для печати

Ұлттық рухтың тірегіне айналған Тәуелсіздік

ulttyk ruhaniyattyk tiregine ainalgan tauelsizdik

16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне байланысты «Ұлттық рухтың тірегіне айналған Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алу мақсатында «Желтоқсан жаңғырығы ел есінде» атты кездесу кеші болып өтті.
Кештің құрметті қонақтары болып Желтоқсан оқиғасының куәгерлері №202 мектептің мұғалімдері Қарақұлова Ләззат пен Зылиха Ұзақбаева қатысты.
Қарақұлова Ләззат 1986 жылы Қарағанды қаласында оқып жүрген кезінде Алматы жастарының көтерілісінің дүмпуі Қарағанды қаласы жастарының көтерілісіне ұласқанын, оған қатысқан достарының басынан өткендерін айтып берді: «Желтоқсан оқиғалары біздің жадымызда, санамызда мәңгі қалады. Мұғалім ретінде оқушылардың патриоттық сезімдерін жоғары деңгейге көтеру, Отанын сүюді, сол үшін күресуді де біз үйретуіміз керек. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!»,-деген ниетін білдірді.
Сонымен қатар №201 мектептің оқушылары:Тыныштықбай Инабат, Қарақат, Нұрланқызы Әдемі, Нұрғали Аружан «Тәуелсіздік» жайлы өлеңдер оқыды.

ulttyk ruhaniyattyk tiregine ainalgan tauelsizdik2