Елімізге танымал белгілі зерттеуші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Тынышбек Дайрабайдың 80 жасқа толуына орай Жаңаталап ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен атты өмірі мен шығармашылығына арналған аймақтық шара болып өтті. Әдебиетке, мәдениетке, жалпы руханиятқа деген құштарлығы Сыр өңірінде ғұмыр кешкен ақын-жыраулар, батырлар мен би-шешендер, ел бастаған көсемдер мен көрнекті тұлғалардың өмірі мен шығармашылық жолына деген қызығушылықтың әсерімен Тынышбек ағамыз журналистік қызметін зерттеушілікке ұластырды. Осылайша өлкетану оның шығармашылығының бір бағыты іспетті қоғамдық қызметіне айналды. «Тоғанас батыр», «Сырдың сырлы сыры», «Сыр перзенттері», «Темірбек Жүргенов», «Қорқыт Ата» энциклопедиясы, «Билер сөзі – киелі», «Сыр елінің ескерткіштері», «Кете Шөмекей», және басқа зерттеу еңбектері – қаламгердің тынымсыз еңбегінің жемісі. Тынымсыз ізденгіштік, еңбек¬сүйгіштік қасиеттерімен көпке үлгі болған Тынышбек ағамыздың өмірі мен шығармашылығын өнеге тұтқан жас жеткіншектеріміз көптеген мағлұматтармен бөлісіп, арнау өлеңдерін оқыды. Шара соңында белсене қатысқан оқырмандарымыз Алғыс хаттармен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды.
