Версия для печати

"Асыл домбыра"

Домбыра - десе Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатаудың арасындағы ұлан ғайыр сайын дала, көк аспанмен таласқан биік шыңдар, көгілдір Көкшенің әсем келбеті көз алдыңнан өте жөнеледі.
Домбыра - десе ақ сақалы желбіреген тау тұлғалы Құрманғазы, Тәттімбет, ақ жаулығы қарқарадай Дина ана көз алдыңа келеді.
Домбыра - десе сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырдың ақыл-ойы, көңіл-күйі күмбірлеген үні келеді құлағыңа.
Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы киелі Домбыра күнінде Жалағаш аудандық балалар кітапханасы" "Асыл домбыра" тақырыбында іс-шара ұйымдастырып өткізді.Шара барысында кітап көрмесі таныстырылды. Домбыра тарихынан сыр шертіліп, түрлі сұрақтар оқырмандарға қойылды. Әл-Фараби атындағы N201 мектеп-лицейінің "Мұрагер" үйірмесінің ең жас домбырашылары күйші Ә.Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйін орындады. Кітапхананың тұрақты оқырманы Ерғали Еркін "Ер жігіт" термесін тарту етті.
 
014    015