Версия для печати

Ер еңбегімен еңселі

26 қазан күні Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 95 жылдығына орай "Ер еңбегімен еңселі" атты танымдық сағат өткізілді.
Ұзақ Еспанов - ақын, Социалистік Еңбек Ері 1928 Жылы Жалағаш ауданының қазіргі Темірбек Жүргенов ауылында туған.
Еңбек жолын 1944 жылы бастаған.
1951 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
1951-1963 жылдары мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі, партия комитетінде, "Қазақстанның 20 жылдығы", "Мәдениет", "Еңбек" ұжымшарларында директор болды.
1985-1990 жылдары ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып, 6 рет Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысқан.
"Октябрь революциясы", "Ленин" ордені, 2 рет "Еңбек Қызыл Ту" ордені, "Орақ пен Балға" алтын медалі, "Социалистік Еңбек Ері", Жалағаш ауданының "Құрметті азаматы" медалінің иегері.
"Сыр күріші - ел ырысы", "Өрелі өзгерістер", "Көңілім көктем", "Шуақты күн" кітаптарының авторы.
enbek             enbek2