Версия для печати

Өлең-сөз маржаны

20150220 160932

 

20150220 162351

20 ақпан күні аудандық кітапханада жергілікті ақын-жазушылар және кітапхана жанынан құрылған «Жас қалам» клуб мүшелерінің қатысуымен «Өлең-сөз маржаны» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Кешке «Жалағаш жаршысы» газетінің қызметкерлері Серік Бертаев, Қуат Әдисұлы, Нұрсұлтан Қазбеков және ақын, ардагер- ұстаздар Өтегенқызы Қалжан мен Көшекбайқызы Роза шақырылды.

Кеш барысында журналист-ақындар өнер жолдарының өнегелі тұстарынан естелік айта отырып, жас оқырмандарға өз өлеңдерінен үзінділер оқып берді.

Ұрпақтар сабақтастығының жалғасындай жас ақындар Мәлік Оралхан мен Қаршыға Төремұрат туған жерге арналған өз арнау өлеңдерін оқыды. Талантты жас оқырмандар Тыныштықбай Инабат, Тыныштықбай Арун, Алпысбай Жұбатқан, Батырхан Құндызай ақын өлеңдерін жатқа оқып өз өнерлерімен тәнті етсе, әуез мектебінің мұғалімі Төлеубай Бейсенбек жырдан шашу шашты.

Кеш соңында ардагер-ұстаз Өтегенқызы Қалжан «Арайлы таң» атты кітабын оқырмандарға тарту етті.