Бірлігіміз жарасқан
Жаңадария ауылдық кітапханасының кітапханашысы М. Шаукаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан» атты әдеби-әуенді кеш ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы тату-тәтті тірлігімен әлем елдеріне үлгі болып отырған мемлекет.
Ассамблея- татулықпен тұрақтылықтың, бірлік пен достықтың, келісім мен ізгіліктің символы. Бұл кештің мақсаты осындай мәртебесі биік мемлекеттің тыныс-тіршілігін насихаттай отырып, жас ұрпақты Отансүйгіш, елжанды, достықты қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор. Кешке ауыл ардагерлерімен кітапхана оқырмандары қатысты.