Версия для печати

Онлайн-орталық

Изображение 029  

Қазіргі кезде елімізде кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында «Ауылда ақпараттық орталықтар құру» атты жоба іске асырылуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «2020 жылға қарай экономиканың 40 пайызға дейін шағын және орта бизнес есебінен өндірілуі тиіс» деген міндет қойды. Осы орайда, «Ақпараттық тренинг-ауыл кәсіпкерлігінің орталығы» жобасы өзінің өзектілігімен ерекшеленеді.

       Жоба мақсаты –халықтың өмір сүру сапасын көтеру, шағын бизнес және кәсіпкерлік өкілдерін дер уақытында нақты ақпаратпен қамтамасыз ету.

     Cондай жаңалықтың бірі 1 сәуір күні Мәдениет ауылындағы ауылдық кітапханасында «Кәсіпкерлікті қолдау онлайн орталығы» ашылды.

Онлайн орталықтың ашылу салтанатына ауылдық әкімшілік өкілдері,ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер және кітапхана оқырмандары қатысты.

           Онлайн орталықтың ашылуына ауыл әкімі Әлсейітов Әбіләкім құттықтау сөзімен басталды. Аудандық кітапхана директоры Меңдібаева Ұлмекен құттықтау сөзінде тегін компьютерлік тренинг өткізу, кәсіптік жүмыс немесе өз саласы бойынша тәжірибелерімен алмасу сынды үрдістер жүзеге асады. Онлайн-орталық тұрғындарға жаңа мүмкіндіктердің көзін ашатын және алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен бірге №32 орта мектеп директоры Қозыкенова Оразкүл жергілікті ұйым, әсіресе жастар қауымы мен кәсіпкерлер үшін үлкен көмек екеніне тоқталып өтіп, өз ризашылығын білдірді.

Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары өз өнерлерімен әннен шашу шашты.

Онлайн орталығын ашу рәсімінің лентасын қию құрметі ауыл ардагері Рахметұлы Ерділда мен ауыл әкімі Әлсейітов Әбіләкімге табыс етілді.

Онлайн-орталықтың ашылуы өзекті тақырыптың біріне айналды, ол халықтың белсенділігін тура және виртуалды түрде арттырады және қоғамның дамуына барынша қолдау көрсетеді деген сенімдеміз.