
Аудандық кітапханада «23 сәуір - Дүниежүзілік кітаптар күні» мерекесі ерекше аталып өтті. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған «Кітап – сарқылмас рухани қазына» атты апталықта 20-24 сәуір аралығында: «Кітап- уақыттың мәңгілік куәгері» атты әдеби-сұхбат кеш, «Жер- жанат, кітап-қанат» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, 22 сәуір күнгі өткен «Кітап-руханияттың қайнар бұлағы» атты сұрақ-жауап кешіне Жалағаш кентінің 5 мектебінің оқушылары қатысып «Қазақ хандығы,Тіл,Кітап,Білім» туралы білімдерін ортаға салды, нәтижесінде- №201 мектеп-лицейдің «Қазақ ұландары» тобы 1-ші орынды, №123 орта мектептің «Жеңіс» тобы екінші орынды, № 202 орта мектептің «Зерек» тобы 3-ші орынды иеленді.
Сонымен қатар «Кітап- рухани байлық кілті» атты библиографиялық шолу жасалып, кітап апталығы «Жаңа ғасырға-жаңа кітап» атты әңгімелесу кешімен қорытындыланды.