Версия для печати

6 шілде-Астана күні

                                                 clip image222
    

    Астана Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы. Астана қаласының негізі 1830 жылы қаланды.Астананың туған күні жалпыұлттық мейрамға айналды.

       Аудандық кітапханада 6 шілде - Астана күніне орай «Астана- еліміздің айбыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашылар оқырмандарды кітап көрмесіне қойылған кітаптармен таныстырды.                      

      Кітап көрмесіне Елбасы Н. Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабы (2005),«Астана-Қазақстанның жүрегі» Кітап-альбом (2012), «Астана» энциклопедиясы (2008), «Елбасы сыныптастары» (2013), А. Гафоровтың «Еліне елеулі елбасы» (2014), Н. Иманқызының «Астана-Ақорда» (2007) атты кітаптары мен Астананың аспан тіреген ғажайып ғимараттарының суреттері қойылды.