Версия для печати

Абай Құнанбаев-170 жыл

                                    clip image0022  
  

   Абай Құнанбаевтың есімін ұлықтау және өмірі мен шығармаларын насихаттау мақсатында ұлы ақынның 170 жылдық мерейтойына арналып    «Жігер» Мәдени –сауықтыру кешенінде «Тағылымы терең тұлға» атты кітап көрмесі жасалып, «Кемел ақын,кемеңгер ойшыл» атты Абай оқулары өтті.     Абай оқуларына аудандық және ауылдық кітапханалардың оқырмандары қатысты. Кеш Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңімен басталды.

             Кештің қонағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – ның Жалағаш аудандық бөлімшесінің бас маманы, теолог Байқабылов Арыстан сөз сөйлеп, Абайдың қалдырған мәдени мұралары мен рухани құндылықтары, өлеңдері жайында кең мағлұматтар берді.Абай оқуларына қатысқан жас оқырмандар Абайдың өлеңдері, «Қара сөздерімен» қоса өздерінің «Абайға арнау» өлеңдерін де оқып Ұлы тұлға Абай атамызға құрмет көрсетті.