Аудандық кітапхана және «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дөңгелек үстелі өткізілді. Кешті «Жастар ресурстық орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімінің басшысы Ерхан Бақбергенұлы жүргізді.
Мақсаты: қазақ хандары мен батырларының және қарапайым халықтың өз жерін сақтап қалу жолындағы ерен ерліктерін паш ету, жастардың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезім ұялату. Іс-шараға «Қазақ елі: Тарих.Тағылым.Тәуелсіздік» тақырыбымен кітап көрмесі қойылды.