Версия для печати

Көктем шуағы

clip image6666

Жақында көктем мерекесінің қарсаңында аудандық кітапханада мектеп оқушыларының қатысуымен «Көктем шуағы» атты байқауы өтті. Байқауға поэзия, проза жанрына қалам тартып, ана тіліміздің қадір-қасиетін түсінетін жасөспірім оқушыларымыз қатысты. Байқауға қатысушылар жаңа келіп жеткен көктем -жыл мезгілін, көктемде тойланатын аналар мейрамы мен Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесін тілге тиек етіп, өлең, эсселеріне қосты.

Осы байқауда «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан № 202 мектептің 8 сынып оқушысы Тоқмырза Әлия І-ші орынды, №31 орта мектептің 8 сынып оқушысы Ілияс Сымбат ІІ-ші орынды, №246 мектептің 9 сынып оқушысы Әбдібек Нұрдәулет ІІІ-ші орынды иеленді.

Ал, өнерін ортаға салып көзге түскен №123 Т.Жүргенов атындағы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Тыныштықбай Инабат, №201 мектеп –лицейдің 7 сынып оқушысы Шәкизада Гүлім, №202 орта мектептің 7 сынып оқушысы Раушанбек Асылхан мен осы мектептің 9 сынып оқушысы Жаңаберген Сәния «Дарын» номинациясымен марапатталды. «Көктем шуағы» атты байқауды кітапхана библиографы Раушан Қалиева жүргізді.

Кештің мақсаты: Жастар шығармашылығын қолдау, отаншылдыққа тәрбиелеу, ұлттық рухты қалыптастыру, жас ақындар мен қоғамды байланыстыру, жастарды үлкен мінбелерге дайындап, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қолдау көрсету, жас ақындардың бет-бейнесін қалыптастыру.