
Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні - аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн. Ұлыстың ұлы күнінде әрбір жүрекке үкілеген үміт оты маздап, бақыт есігі ашылғандай болып, «аурулар айығамын, аштар тойынамын, лыпасыздар киінемін» деп келешекке сеніммен қараған. Себебі, күн мен түн теңелгенде, жаңа ай толықсып толғанда, тұрмыс пен табиғат жаңарғанда жер жүзі жайнап, көк құт көзін (өсімдік) ашқан. Жер бетіне жақсылық ұялағанда, ұзақ пен жылқышы торғай (Нәуірзек) ұшып келген, Жер-ана тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген, Самарқанның көк тасы еріген.
22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай «Жылбасы – Наурыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік кеш өткізілді.
Кеште ауыл мекемелері дастархан жайып наурыз көже таратып, үлкендерден бата алды. Кеш ауыл өнерпаздарының қойылымдары мен концерттік бағдарламасына ұласты.
Өткізілген орны:Мәдениет ауылдық кітапханасы