
Аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Жалағаш ауданының азаматы, зерделі журналист «Қазақстан-ZAMAN» халықаралық газетінің тілшісі Құрманғали Нұрғалиевтің «Журналист көктемі» кітабының тұсау кесер рәсімі өткізілді.
Қазақстан – еліміздің Тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл толғалы отыр.
Ширек ғасыр болмақ! Шүкірлік етеміз! Дегенмен тарихта кеткен есемізді толтырып, әлем елдері алдында саясатта салмақты, экономикада тұрақты мемлекет құрып үлгірдік пе? Саяси мәдениет қалыптастырып, қоғамда, халық пен билік арасында демократиялық тепетеңдік орнады ма?.. Қоғамымыздағы құқықтық сананың деңгейі қандай? Осы және басқа да мәселелер әлі мені мұндалайды. Демек, қоғамда қордаланған, кезек күттірмей шешуді керек ететін шаруалар жеткілікті. Автор кітабында осы мәселелер жайында сөз қозғайды.
Өткізілген орны:Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей