
Жалағаш аудандық балалар кітапханасы өздерінің кішкентай оқырмандарына жыл сайын 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне апталық өткізуді дәстүрге айналдырған. Апталық «Кітап - керемет әлем» тақырыбындағы кітап көрмесімен ашылды. «Балалар өте талғампаз оқырман» тақырыбында әдебиеттердің ұсыныс тізімі жасалып №201, №246, №123, №31, №202 орта мектептердің кітапханаларына ұсынылды. «Қара, оқы, зердеңе тоқы!» тақырыбында флеш моб өткізілді. Шарада балалар оқу-білім мен кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, шаттық шеңберін жасады. «Сиқырлы ертегілер әлемі» әдеби лотосында балалар түрлі сұрақтарға жауап беріп, ертегі кейіпкерлерімен бірге ойындар ойнады. «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбындағы хабарландыру сағаты Оқушылар Үйінің үйірмелерінің арасында өткізілді. Апталыққа қатысқан белсенді оқырмандар Баймырза Бейбарыс, Тыныштықбай Арун, Жалмахан Рахат, Оразбай Нұрәділ, Нұржанқызы Асылжан, Тынымбай Аружандар арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.