Версия для печати

Біз отаннын сарбаздары

            clip image556       clip image1122

Мемлекет болып қалыптасуда қай ел болсын өзінің қорғаныс қуатын бірінші орынға қояры анық. Мемлекет қауіпсіздігін, оның байлығын қорғау- қастерлі міндет! Қазақ елі-бағзы заманнан өз жерін сыртқы жауға таптатпаған ел. Ата-бабаларымыз атажұртын «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғап ұлан-ғайыр даланы небір алмағайып заманда аман алып қалғаны тарихтан аян.Флеш-мобтың мақсаты: Оқушылардың бойында азаматтық белсенділікті, білімділікті қалыптастыру. Тәуелсіз азамат-патриот тұлғаны тәрбиелеу. Отанды сүюге, оны қорғауға баулу. Флеш-мобқа қатысқан ауыл әкім апаратының статист маманы Тұрмаханов Ернұр Отан қорғаушылар күніне орай өз пікірін білдірді. Мәдени ұйымдастырушы Сатанова Нұржамал «Біз бақытты ұланбыз», «Ел қорғауға әзірміз» атты әнін шырқады. Оқушылар сарбаздар туралы тақпақтар айтты.

                                                                                         Ұйымдастырушы: Жаңадария ауылдық кітапхана