Версия для печати

Мобильді кітапхана

13 n

«Мобильді   кітапхана»

         Қазіргі заманғы кітапханалар ақпараттар мен құжаттарға сұранысты орындау қашықтық пен сұраныстағы ақпараттың орналақсан жеріне тәуелсіз, пайдаланушылардың түгеліне дерлік қолжетімді болу керек. Мобильді технологиялар – бұл кітапхананың жаңа қызметі, тәжірбиелік біліктілік, келешек. Қазіргі заманда адамдар интернет желісіне ұялы телефондар және компьютерлер көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Осыған орай аудандық кітапханада 2016 жылдың 12 шілдесі күні «Мобильді кітапхананың» ашылуы өтті. «Мобильді кітапхананың» кешін кітапхана әдіскері Тілеуова Жібек ашып берді.

           Бүгінгі заманның кітапханашысы өз кәсіби міндетін жетік білумен шектелмей, компьютер технологияларын жұмысында пайдаланып-қолдана білетін, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы тиіс.Осы орайда   смартфон телефонына кітапты қалай түсіру керектігін кітапхана инженер – жүйе технологы Садықов Ержан таныстырып шықты.

             Жобаның оқырманға тиімді жақтарын №31 мектеп мұғалімі Жақсылықова Марина атап өтті. Сонымен қатар «Жастар ресурстық орталығығының» кеңесшісі Айдос Қожамұрат сөз тізгінін алып осы жобаның қызметін пайдаланып жүргендігін айтты. «Мобильді кітапхананың» тиімділігі жөнінде Жақсыбай Абай, Мәлік Назерке, Мәлік Арай, Қонай Барысбек өз пікірлерін білдірді. Кітапхана жанынан ашылған «Жас қалам» клубының төрағасы Мәлік Оралхан жоба туралы оң пікірін білдіріп, «Сыр елім менің жырым» атты өлеңін оқып берді. Кітапхана қызметкерлері Бахыткүл Рахымбаева, Элмира Боранбаева, Гүлжанат Қожабаева «Мобильді кітапхана» жобасы туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Кешті кітапхана редакторы Ұлдай Нұрымбетова қорытындылап, кешке қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді. Кешті библиограф Раушан Қалиева жүргізді. Қатысқан оқырмандар жобаны құптап, алдағы уақытта смартфон ұялы телефондарын кітап оқуға пайдаланатындарын айтып, ризашылықтарын білдірді.